ТЖД қызметкері елордадағы стадионды жарамсыз деп тану үшін пара алды деген күдікке ілінді
16:08, 05 Шілде 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы орталық стадионды жарамсыз деп тану үшін Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы пара алды деген күдікпен тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
«Антикоррупциялық қызметі Қ. Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды объектіні апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады», - делінген Агенттік таратқан ақпаратта.
Тергеу жүріп жатыр. Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды.