+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

ТЖД аптап ыстық күндері дала өртінің алдын алу шараларын ескертті

2020 жылғы 26 мамыр 15:20
Бөлісіңіз:
ТЖД аптап ыстық күндері дала өртінің алдын алу шараларын ескертті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері аптап ыстыққа байланысты бірқатар сақтық шараларын ескертті. Бұл туралы өрт қауіпсіздігі шаралары және балалардың терезеден құлау фактілері бойынша өткен онлайн брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
13 тамызда үш қалада ауа сапасы нашарлайды Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енгізілген балық аулаған браконьерлер ұсталды Таза Қазақстан: Бір аптада қауырт желіге қоқыс үйінділеріне қатысты 623 шағым түскен

«Біріншіден, дала және орманды жерде ыстық, құрғақ, желді ауа райы кезінде болған жағдайда от жағуға болмайды. Екіншіден, саяжайда жиналған қоқыс пен қураған шөпті жаққан кезде қауіпсіз арақашықтықты сақтау керек. Ол 50 метрді құрайды. Сонымен қатар, жанған отты қараусыз қалдыруға болмайды және оны бақылауды балаларға тапсыруға болмайды. Жанып жатқан от толық өшкеніне көз жеткізіп алу керек», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басқарма бастығының міндетін атқарушы Еркін Отарғалымұлы.

Оның айтуынша, қалада бірқатар шектеулер енгізілген. ТЖД қызметкері халық арасында кең, ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

«Карантин режимі бірте-бірте жеңілдеп келе жатыр. Осыған байланысты тұрғындардың табиғат аясына шығу фактілері үрдіс алуда. Табиғат аясына барған кезде міндетті түрде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. От жағу керек болса, оның өшкеніне көз жеткізіп алыңыздар», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT