ТЖД: Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар

None
None
АЛМАТЫ. Қазақпарат - Алматы қалалық ТЖД тұрғындарға тауға шығуды кейінге қалдыруға кеңес береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құзырлы органның хабарлауынша, қаңтардың 3-5 аралығында қалың қар жауады деп болжанып отыр. Осыған байланысты тауда қар көшкіні жүру қаупі бар.

"Қала тұрғындары мен қонақтарына тауға серуендеуді кейінге қалдыруға кеңес береміз"- деді ТЖД баспасөз қызметінен.

Қазгидромет РМК жақын күндері Қазақстанның басым территориясында жауын-шашын түседі деп болжам жасап отыр. Алматы облысында көктайғақ пен тұман болуы мүмкін.

3 қаңтардан бастап ауа температурасы күндіз -1 пен - 4, түнде -7 болмақ.

Соңғы жаңалықтар