ТЖД: Алматы облысында бұршақ аралас нөсер жауын жауады
2022 жылғы 22 мамыр 22:20

ТЖД: Алматы облысында бұршақ аралас нөсер жауын жауады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті 23 мамыр күні Алматы облысында нөсер жауын жауатынын ескертті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«23 мамыр күні Алматы облысының тауларында және тау бөктеріндегі аудандарда сібер жаңбыр жаууы, бұршақ түсуі, күн күркіреп, найзағай ойнауы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 23-28 м/с-ға жетеді.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз» делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін қатты жауын салдарынан жаңадан салынып жатқан Талдықорған-Үшарал жолын су шайып , оқиға болған аймақта жол жабылды.

Сонымен қатар, Кербұлақ ауданының Қоғалы ауылында үш көшені су басқанын хабарлаған болатынбыз.



Jańalyqtar

MURAǴAT