ТЖД: Алматы маңындағы тау өзендерінде су деңгейі өзгеруі мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК дауылды ескертуі негізінде алматылықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Таяудағы екі тәулікте, яғни 12-13 тамызда жаңбырлы күн райына байланысты Алматы облысы тауларында өзендер суы тасуы ықтимал. Селден қауіп жоқ»,-деді қалалық ТЖД баспасөз қызметінен. 

ТЖД мәліметінше, биыл бұзылу қаупі бар 9 морена көлдерін босату бойынша алдын алу шаралары жүргізілуде. Шараға 120 адам мен 3 шағын экскаватор жұмылдырылған. Морена көлдерін босату үшін сифон құбырлары мен су соратын жоғарғы өнімді сорғылар қолданылады. Морена көлдерін күндіз-түні бақылау үшін 20 гидробекет қойылған. 

9 көлді тазалау басталғаннан бері 3 млн 200 мың текше метр су алынған. Көлдегі су деңгейі 1-ден 4,5 метрге дейін төмендеген. 
Сел ахуалын қалалық әкімдік пен ТЖД қадағалап отыр.

nullnull

Соңғы жаңалықтар