ТЖ: Түрмеден босап шыққандарды туыстары күтіп алмайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әрбір сотталған адам үшін колониядан босап шығу көптен күткен күн болып саналады. Десе де, төтенше жағдай кезінде оларды түзеу мекемелерінің алдынан туыстары қарсы ала алмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап.

«Карантин режимі енгізілгелі бері бас бостандығынан айыру орындарынан 60 адам босатылды. Оларың 38-і блокпосттарды кесіп өту арқылы тұрғылықты мекенжайларына жеткізілді. Қалғандары уақытша тұратын жерлерге – туыстарына, әлеуметтендіру орталықтары мен қоғамдық қорға жеткізілді», - делінген комитет ақпаратында.

ШҚО бойынша жағдайды ҚАЖ департаменті пробация қызметтері басшылық ету бөлімінің басшысы Олжас Жакияров айтып берді.

«Мұндай жағдайларда колония мен түрме қызметкерлері тұрғылықты жеріне жетуге көмектеседі. Төтенше жағдай режимі кезінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті ОВ-156/6 мекемесінен екі сотталған босатылды», - дейді ол.

Оның айтуынша, босап шыққан сотталғандарға ҚАЖ комитетінің нұсқауына сәйкес тұрғылықты жеріне дейін әрі қарай жол жүру үшін бағыттық парақтар, сондай-ақ коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша жадынамалар, көп рет қолданылатын маскалар, қолғаптар мен антисептикалық құралдар табыс етіледі.

«Қазіргі уақытта төтенше жағдай режиміне байланысты барлық қызметтер үйлесімді ырғақпен жұмыс істейді және қалалар мен облыстардың Полиция департаменттерінің басқа да қызметтерімен өзара іс-қимыл жасалып жатыр. Бізбен барлық қажетті шаралар қабылданды, бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», - дейді бөлім басшысы.


Соңғы жаңалықтар