USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

ТЖ режимі: Бокстан Қазақстан командасы Азия чемпионатына қатыспайды

2022 жылғы 13 қаңтар 16:21
Бөлісіңіз:
ТЖ режимі: Бокстан Қазақстан командасы Азия чемпионатына қатыспайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатына қазақстандық спортшылар қатыспайды. Бұл туралы команданың бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Қысқы Олимпиадаға баратын спортшылар қай өңірлерден көп іріктелді Қазақстандық аса ауыр салмақтағы нокаутшы WBC титулынан айқассыз айырылды Бейжің -2022: Фристайл-могулдан ел намысын қорғайтын  спортшылар анықталды

«Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жоспарланған оқу-жаттығу жиындарын кейінге қалдырдық. Нақтылап айтар болсам, жиын ақпан айында болады. Ал 20 қаңтар күні Ташкентте басталатын 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия біріншілігіне де бармаймыз. Өйткені, тәртіпсіздіктерге байланысты елден шығуға рұқсат жоқ.

Мұндай қиын кезеңде біз бірігіп, ауызбіршілік танытуымыз қажет. Қазір жаттығу жиындары да, жарыстар да тоқтап тұр. Дегенмен, келесі айдан бастап барлық жоспарымыз уақытылы орындалады деп сенеміз», - дейді Қайрат Сәтжанов.

Бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты 20-30 қаңтар аралығында өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT