ТЖ: Өңірлердегі ахуал қалай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жергілікті биліктің хабарлауынша, СҚО, БҚО және Қостанай облысында түнде ешқандай тәртіпсіздік болмаған, жағдай бақылауға алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтық белсенділер тартылды. Жергілікті биліктің айтуынша, жағдай бақылауда. Облыс әкімінің төрағалығымен құқық қорғау органдарынан жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Қарағанды облысының тұрғындары үшін қазіргі жағдайға қатысты 109 нөмірімен қауырт желі ашылды.

Ақмола облысында қоғамдастықтың бастамасымен еріктілер тобы құрылды. Олар қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесіп жатыр. Оған спортшылар, қарулы күштер ардагерлері, қоғамдық ұйым өкілдері кірген.

Шымкентте жарылыстан кейін қалалық инфрақұрылым нысандары қатты зардап шекті. Қалада жедел штаб құрылды.

Атырау облысында 6 қаңтар кешкісін наразылық білдірушілердің негізгі тобы өздігінен алаңнан кеткен. Қалғаны қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсталды және қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Қазір өңірдегі жағдай тұрақталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар