ТЖ комитеті Астанада болған өрттің мән-жайын хабарлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада дөнер әзірлейтін ғимараттан шыққан өрттен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады ҚазАқпаратқа ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

«Сағат 01.08-де Сарыарқа ауданындағы Бөгенбай батыр даңғылында орналасқан дөнер әзірлейтін бір қабатты ғимаратта газ-ауа қоспасының жарылысы болды. Өрт аумағы 40 шаршы метрді құрады. Жалын сағат 01.15-те өшіріліп, 02.00-де ауыздықталды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп атап өтті Руслан Иманқұлов.

Төтенше жағдайды жоюға 3 техника мен 11 өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астанада дөнер әзірлейтін ғимаратта өрт шықты. 

Еске салайық, өткен жылдың қараша айында елордада дөнер дүңгіршегінде болған өрттен бір адам зардап шеккен болатын.

23 қараша күні сағат 17.47-де Манас көшесі 5 мекен жайында болған өрт туралы ақпарат келіп түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде 40 шаршы метр аумақ жалындап жатты. Дөнер дүңгіршегі газ баллонының атылуынан отқа оранған, ол толықтай жанып кетті. Сол маңнан өтіп бара жатқан 1977 жылғы ер адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді», - делінген ТЖД хабарламасында. Тілсіз жауды ауыздықтауға үш техника мен 27 құтқарушы жұмылдырылды .

Сондай-ақ Алматыда 2015 жылдың қазанында  «оптовка» деген атпен танымал «Жұлдыз» базары отқа оранған болатын. Өрт дөнер дүңгіршегінен шыққан. Ол уақытта тілсіз жау 300 метр аумақты шарпыды. 

Соңғы жаңалықтар