ТЖ байланысты шайбалы хоккейден ҚР чемпионаты жеңімпаз анықталмастан тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясының кеңсесінде клубтар басшыларымен шұғыл отырыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын федерация басшылығы ел біріншілігін белгісіз мерзімге дейін шегеру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұған әлемді дендеген коронавирус дерті себеп болды.

Бүгінгі отырыстың қорытындысы бойынша, ерлер командалары арасындағы ҚР чемпионатын аяқтау туралы ресми шешілді.

«2019-2020 жылғы ҚР ашық чемпионатын жеңімпаздың анықталуынсыз аяқтау туралы шешім қабылданды. Клубтардың бәріне ойыншылар, бапкерлер мен команда персоналдары алдында айлықтары бойынша барлық міндеттемені орындауға кеңес берілді», - деп хабарлады федерациядан.

Әйтсе де чемпионаттың географиясын кеңейту жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, ҚР ашық чемпионатына 2020-2021 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби әмірлігінің бір бөлігі саналатын Әл Айн қаласынан өтінім түскенін мәлім етті. Қазіргі таңда аталмыш мәселе шешіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар