Тыйым салынған жерге суға түскен ақтөбеліктер жауапкершілікке тартылуда

None
None
  АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жаздың ыстығында өзен жағасындағы қайғылы оқиғаның алдын алу үшін жергілікті әкімдік пен төтенше жағдайлар қызметі, полиция рейдке шықты. Өзендердің тыйым салынған аумағына шомылған ақтөбеліктер әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласы мен аудандарда осының салдарынан қаза тапқан адамдар саны 5-ке жетті. Бұған дейін хабарлағанымыздай, таяуда белгіленбеген жерге суға шомылған 24 жастағы қыздың денесі бір күннен соң табылды. 

«Қала аумағындағы өзендерде қайғылы жағдайдың алдын алу мақсатында жұмыс тобы рейд жүргізді. Оның құрамына Ақтөбе қаласының төтенше жағдайлар басқармасы, жергілікті полиция, ТЖД жедел құтқару жасағы қызметкерлері кірді. Рейд нəтижесі бойынша тыйым салынған орындарда суға шомылған 5 азаматқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» бабы 1-тармағына сәйкес хаттамалар толтырылып, ескерту берілді»,- деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Егер ескерту алған адамдар қайта тыйым салынған жерге шомылса, 2 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Айта кетейік, қала əкімі І.Испановтың тапсырмасымен қалалық кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, салық жəне төтенше жағдай басқармалары басшыларының қатысуымен қалалық жағажайлар қызметі тексерілді. Қалада барлығы 14 жағажай бар, оның екеуі коммуналдық. Жағажайларға кіру бағасы орташа есеппен 200-700 теңге аралығында болса, коммуналдық жағажайларға кіру тегін. Тексеру кезінде жағажайларда құтқарушылардың қайығы жоқ екені және олардың арнайы кеудеше кимегені анықталды. Кассалық аппараттар қолданылмайды, қызметкерлер келісімшартсыз жұмыс істеп жүр. Жағажай қызметі талаптарын бұзған кәсіпкерлерге ұйғарым беріліп, кемшіліктерді жою міндеттелді.

null 

Соңғы жаңалықтар