Тыйым салынған аудиожазбаны сақтаған ақтөбеліктерге айыппұл салынды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған ақпаратты сақтағаны үшін Ақтөбенің екі тұрғынын әкімшілік жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізіп, Ақтөбенің 28 және 33 жастағы тұрғындарының жеке парақшасынан аудиожазбаларды тапқан. Сараптама қорытындысы бойынша, ұсынылған материалдар Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға, дайындауға және таратуға тыйым салынған экстремистік материалдар деп танылды.

«Ақтөбе қаласының әкімшілік соты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің «Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату» бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартты. Санкцияда 58 340 теңге сомасында әкімшілік айыппұл көзделген», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар