Тышқанның кесірінен ұшақ алты сағатқа кешікті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтен Доха (Катар) қаласына ұшуы тиіс болған Qatar Airways әуе компаниясының ұшағы оның ішінде тышқанның табылғаны салдарынан алты сағатқа кешіктірілді.

Жолаушылар кеміргішті көп ұзамай Дохаға ұшып шығуы тиіс болған Boeing 777-400 әуе кемесінің Испания астанасына қонар кезде байқап қалған. Ұшақтың қонар кезінде тышқан жолаушылар өтетін жерге шығып, адамдарды шошытып жіберді. Жолаушыларшыққан соң, салон іші зиянкестерге қарсы дәріленеді. Салдарынан Катарға ұшатын рейс алты сағатқа кешіктірілді, деп жазады Lenta.ru.

Болған оқиғаның салдарынан көптеген жолаушылар Таиланд, Сингапур және Балиге түйістірілген рейстерге кешікті. Әуе компаниясының өкілі жолаушыларға барлық күтпеген шығындарын өтеуге уәде берді.

Соңғы жаңалықтар