Тышқан Air France рейсін екі тәулікке кідіртті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малидың астанасы Бамакодан Парижға ұшып шығатын Air France авиакомпаниясының рейсі кеміргіштің кесірінен 48 сағатқа кешікті, деп хабарлады Би-би-си.

Тышқан қайткенде де ұшқыштардың кабинасына кіріп кеткен. Тышқанды ұстағанша рейс кейінге қалдырылды, өйткені оны ұстауға біраз уақыт кетті және экипаждың демалуы қажет болды.

Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес ұшқыштар белгілі бір лимиттен артық жұмыс жасауға болмайды.

Ұшақтар да бортында кеміргіштер болса ұшуға болмайды, өйткені олар электр сымдарын және басқа да кәбілдерді істен шығаруы мүмкін.

Рейс жолаушылары жергілікті қонақүйлерге орналастырылды және олар кешіктірілгені үшін өтемақы алады.

Ұшу 48 сағатқа кейінге қалдырылды, өйткені, біріншіден, тышқан ұшақтың маңызды кәбілін  тістеп, істен шығаруы мүмкін, екіншіден, Air France-де Бамакода ұшыруды келесі күні қамтамасыз ететін жетклікті қызметкерлері болмады.

Air France өкілі Кристоф Помье жолаушыларға жаны ашитынын білдірді, алайда олардың қауіпсіздігі компанияның негізгі басымдығы екенін айтты.

Рейс Парижге жексенбі күні кеште ұшып шықты.

Ал ұсталған тышқанның тағдыры белгісіз. 

Соңғы жаңалықтар