+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Тырнағының бояуын кетірмек болған әйелдің саусақтары күйіп қалды

2018 жылғы 12 наурыз 20:28
Бөлісіңіз:
Тырнағының бояуын кетірмек болған  әйелдің саусақтары күйіп қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғыны тырнағының бояуын кетірем деп саусақтарын күйдіріп алды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Қалалық Қоғам денсаулығын қорғау департаменті аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Бізде мұндай жағдай бірінші рет кездесіп отыр. Ең алдымен, құтының ішінде улы заттар бар ма, жоқ па соны тексеру керек. Екінші жағынан әйелдің бұл затқа аллергиясы болуы мүмкін. Зертханада бұл сұйықтықтың құрамы тексеріліп жатыр. Кейін сұйықтықтағы улы заттардың мөлшері қалыптан асып кеткені анықталған болса, онда оқиға ісін сотқа беруге болады», - деді департамент басшысы Айзат Молдақасымова.

Айта кету керек, бұл оқиға 6 наурызда болған. Гүлжихан Маутова Саин көшесіндегі дүкендердің бірінен тырнақ бояуын кетіретін сұйықтық сатып алған.

«Кешкі сағат 10 шамасында барлық дүкендер жабық болды. Тек «Дана» дүкені жұмыс істеп тұрған. 100 теңгеге сұйықтық сатып алдым. Жарты сағат бойы бояуды ысқыладым, кетпеді. Бұрын мен осындай құтыны пайдаланатынмын, ешқандай проблема болған емес. Сосын қолым аши бастады, кейін қолым күйіп, терім түсіп қалды. Сыртында ацетон жоқ деп жазылған және оның иісі шығып тұрды», - деді келіншек.

Гүлжихан Маутова дүкенге барғанда дүкен иесі сұйықтықты көтерме базардан сатып алғанын айтқан.

«Дүкенші осы партиядан мүлдем шағым болмағанын айтты», - деді Г. Маутова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT