+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы: Абай жуық маңда зерттеліп бола қоймайтын күрделі тұлға

2020 жылғы 21 қаңтар 18:12
Бөлісіңіз:
Тыныштықбек Әбдікәкімұлы: Абай жуық маңда зерттеліп бола қоймайтын күрделі тұлға

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Абайды әлемге танытудан бұрын оның қандай деңгейдегі тұлға екенін өзіміз танып алуымыз керек. Мұндай пікірді Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуына арналған шарадан кейін ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлы білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған әдеби музыкалық шара өтті Қарағандылық әскерилер #Аbai175 челленджін қолдады Семейде Абайдың мерейтойына орай жаңа спектакль қойылмақ

«Қазіргі уақытта абайтанушылар Абайды хәкім дейді. Меніңше, Абай хәкімдіктен де жоғары тұрған адам. Осыны зерттеуміз қажет. Мәселен, Абайды үнемі Батыс пен Шығыс өркениетіне байланыстыра қарай келе «солардан үйренген, зерттеген, өз халқына даналықты сол өркениеттер қазынасы арқылы түйіндей жасаған» дейді. Меніңше, қазақ халқы да аспаннан түскен жоқ. Оның арғы ата-бабаларының мыңдаған жылдардан бұрын келе жатқан өркениеті, дүниетанымы болған. Міне, Абайды осы тұрғыда зерттеу жетіспей жатыр», - деді ақын.

Оның айтуынша, Абай өзінің арғы-бергі ата-бабаларының дүниетанымынан не алды, оны еңбектеріне қалай жаратты, ұрпаққа қалай мирас етті, не айтқысы келді деген мәселелерді саралау қажет.

«Осы тұрғыдан келгенде Абайды әлемге танытудан бұрын біз оның қандай деңгейдегі адам екенін танып алуымыз керек. Әрине, Абай данышпан, ақын деп айтуға оңай. Абай өте кең, жуық маңда зерттеліп бола қоймайтын күрделі тұлға. Сондықтан биылды абайтану жаңа заманының бастапқы кезеңі деп есептеуіміз керек», - деді Тыныштықбек Әбдікәкімұлы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, #Аbai175,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT