Тынық мұхитында бортында 4 мыңға жуық көлігі бар өртенген кеме қалқып жүр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тынық мұхиты суларында бортында мыңдаған көлік тиелген Sincerity Ace жүк кемесі қалқып жүр. Бірнеше күн бұрын ол өртеніп, 21 теңізшіден құралған экипаж эвакуацияланған еді.

Associated Press-тің хабарлауынша, Sincerity Ace жүк кемесі экипажының 16 мүшесі құтқарылды. Төрт теңізші қаза тауып, тағы біреуі із-түссіз жоғалған.

Бортына 5200 автомобильді сыйдыратын кемеде 3804 көлік болды. Соның ішінде 3500-ы - Nissan маркалы.

«Қазіргі кезде бізде көліктердің жағдайы туралы ақпарат жоқ. Біз экипаж мүшелері мен құтқарушылардың қауіпсіздігі үшін алаңдап отырмыз», - деп жазады Nissan өкілдерінің сөздерін Automotive News.

Жоғалып кеткен теңізшіні іздеу жұмыстары жалғастырылуда. Кемедегі өрттің шығу себептері әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар