Тыл ардагері видеоролик байқауында үздік болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Еңбек және тыл ардагері Надежда Непомилуева мен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман үздік бейнеролик байқауында жеңіске жетті.

Алматыда «Ардагерлерді ардақтайық» онлайн акциясының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді.

Аға буын өкілдерін «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев және партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Бисембаев құттықтады.

Роликте олардың өмірі мен еңбек жолы, сондай-ақ Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктеріне деген өзіндік көзқарасы баяндалады. Олар Елбасының мемлекеттің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті. Жастарға өз тілектерін білдірді.

Аталған бейнероликтер әлеуметтік желі қолданушыларында кеңінен танылды.

Мысалы, Надежда Непомилуева - Еңбек және тыл ардагері, еңбек жолын ҰОС жылдары пошташы болып бастаған. Зейнеткер қазіргі уақытта қаланың қоғамдық жұмысына белсенді қатысады, көп жылдар бойы Әуезов аудандық Ардагерлер кеңесінің жанындағы патриоттық және адамгершілік тәрбие жөніндегі комиссияның төрайымы болып жұмыс істеді. Ол - ҚазКСР еңбек сіңірген мұғалімі, өлең жазады. Бүгінгі таңда ардагердің 5 өлең жинағы жарық көрді.

«Қазыналы қарттарымызға деген қамқорлық күнделікті көрініс табуы керек. Біз оларға қамқорлық пен көңіл бөлудің маңыздылығын түсінеміз. Аға буын өкілдерін қолдау партия мүшелерінің басты мақсаты болып қала береді»,-дейді партияның Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев.

Мәлім етілгендей, «Nur Otan» партиясы акцияның барлық жеңімпазына ақшалай сыйлықты карталарына аударады. Ел бойынша барлығы 30 жеңімпаз анықталды, олардың төртеуі Алматы қаласының тұрғыны.

Естеріңізге салсақ, қазан айының басында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Ардагерлерді ардақтайық» республикалық акциясы бастау алды.


Соңғы жаңалықтар