Тығылып той тойлап, бетперде тағуды әлі де ұят санайтындар бар - вице-премьер

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ел ішінде коронавирустың кеңінен таралу себептерінің бірін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Вирустың ел ішінде кең таралуының екінші негізгі себептері бар деп айтуға болады. Осы орайда адамдар ескертуге құлақ аспай жүр десем артық емес. Әлем бойынша бұл індетті 10 миллионнан астам адам жұқтырып, 500 мыңнан астамы қайтыс болса да, біздің елде тығылып той тойлап, бетперде тағуды әлі де ұят санайтындар жоқ емес» - деді Е. Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол ауыл шаруашылығы мақсатындағы қоймаларда тығылып той жасау, үй ауласында той ұйымдастыру, құдалық өткізу, ас беру, туған күн атап өту сияқты шаралар өткізіліп жатқанын айтты.

«Осындай әр шараның соңында кемінде 20-дан астам адам ауруханадан бірақ шығып, қаза болып жатқаны мәлім», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге карантин енгізілді. Талаптарды бұзған жеке тұлғаларға 83 мың теңге, ал заңды тұлғаларға 600 мың теңгеден астам айыппұл салынады.


Соңғы жаңалықтар