Тянь-Шань тауының бір шыңына «Актюбинский вестник» газетінің атауы берілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбелік альпинистер «Актюбинский вестник» газетінің ұсынысымен жаңа шыңды бағындырды. Тянь-Шань тауының 3353 метрлік шыңы газет атымен аталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Актюбинский вестник» газетіне 100 жыл толуына орай альпинистер мен басылым ұжымы тарихи келісім жасады. Ақтөбелік альпинистер Оңтүстік Қазақстанға аттанып, шыңды бағындыруға 12 сағатты жұмсады. Төккен тер мен қажырлы еңбек зая кетпей, ақтөбеліктер жаңа шыңды бағындырып, қолтаңба қалдырды.

«Өңіріміздің басты басылымынан ұсыныс түскен кезде бірден қабылдап, жаңа шыңды бағындыруға шықтық. Шыңға шығу өте қиын болды, бірақ біз межені бағындырдық. Алдағы уақытта кез келген адам бұл шыңға шығып, арнайы белгімен танысуға болады»,- деді альпинист Ануар Хамитов.

Айта кетейік, «Актюбинский вестник» газетінің алғашқы нөмірі 1918 жылы 19 маусымда жарыққа шықты. Газеттің арнайы энциклопедиясы дайындалып жатыр. Әлі газеттің барлық нөмірі цифрландырылады.

«Актюбинский вестник» шыңы Тянь-Шань тауларында теңіз деңгейінен 3353 м биіктікте орналасқан. Алдағы уақытта тарихы бай басылымның әр нөмірін қайта қалпына келтіріп, цифрландыруды, яғни, электронды нұсқасын жасауды жоспарлап отырмыз. Зерттеушілер үшін газетте құнды материалдар табылады деп сенеміз», - деді газеттің бас редакторы Айгүл Нұркеева.
null

Сонымен қатар, «Актюбинский вестниктің» 100 сәті» фотокөрмесі ашылады. Газет 50 жылдығында «Құрмет белгісі» орденімен, 95 жылдығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған болатын.

null 

Соңғы жаңалықтар