+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Тянь-Шань тауында жоғалған альпинистер табылмай жатыр – ҚР ІІМ

2019 жылғы 20 тамыз 13:45
Бөлісіңіз:
Тянь-Шань тауында жоғалған альпинистер табылмай жатыр – ҚР ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан альпинистері Тянь-Шань тауында жоғалған әріптестерін іздеп жатыр. Бірақ, әзірше еш нәтиже жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматылық альпинистерді іздеу жұмыстары тоқтатылды Жоғалған альпинистерді қалай іздеп жатқаны туралы видео жарияланды Альпинистерді құтқару: Құтқарушылар тікұшағы Қарқараға қонды

Бүгін таңертеңгі сағат 09-30- ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты «Қазавиақұтқару» мекемесінің МИ-171 борты «Оңтүстік Инылчек» базасына жеткен.

«Бір жарым сағат бойы (сағат 10-00-ден 11-30-ға дейін) альпинистер мен жоғалғандардың туыстары мінген борт тепловизор көмегімен 5 200-6 400 метр биіктікте іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізді. Іздеу зардап шеккен альпинистердің болуы мүмкін ауданда жүргізілді. Қазіргі уақытта еш нәтиже жоқ», - деді комитеттен.

Еске салсақ, алматылық альпинистер тобы Қырғыз тауларында жоғалған. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тауда қазақстандық альпинистер тобының жоғалып кетуіне қатысты Instagram парақшасында алаңдаушылық білдірді. Кейінірек жоғалған альпинистердің бірінің қызы әлеуметтік желі арқылы қалың көпшіліктен көмек сұрады. Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі альпинистерді құтқару операциясын бастады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT