«Ты не пришла на новогодний бал» әнінің орындаушысы egov.kz. порталына ән арнады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыған дейін желіде «Ты не пришла на новогодний бал» әнін домбырамен шырқатып, желіде жұлдызға айналған Еркін Сүйеубаев қостанайлықтар түсірген бейнероликке түсті.

Аталмыш ролик Инстаграм желісінде жарияланды. Ал, әнші болса, тағы бір рет қалың көпшіліктің қошеметіне бөленді десе болады. Аталмыш роликтің астына желі қолданушылар бірыңғай жағымды пікірлер қалдыруда. Олардың жазуынша, қостанайлықтардың Еркінді өздерінің роликтеріне пайдалануы өте тапқыр әрі креативті шешім болған.

Публикация от Правительство для граждан (@gov4c.kz) Окт 10 2017 в 5:24 PDT

Роликтің атауы «Жуырдағы оқиға» (Недалеком будущем) деп аталады. Роликті дайындаушылар оны түсіруде egov.kz. порталын насихаттауды мақсат еткен.  

Аталмыш роликтің астындағы жазбада Еркіннің Мемлекеттік корпорация үшін арнайы хит әнін орындап қана қоймай, «Көрсетілетін қызметті өзің ал» акциясының аясында әннің кавер-үлгісін жасағандығы айтылады.

Айта кететін мәселе, аталмыш акция осы уақытта бүкіл Қазақстан бойынша жүріп жатыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері көшеге шығып, жоғары оқу орындары мен сауда орталықтарына барып, ондағыларға мемлекеттік корпорацияның кеңселеріне бармай-ақ қызметтерді қалай алуға болатындығын түсіндіруде.

Соңғы жаңалықтар