Twitter кейбір пайдаланушыларға ақылы болуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осыдан он шақты күн бұрын Twitter әлеуметтік желісін 44 млрд долларға сатып алған Илон Маск парақшасына алдағы уақытта желінің кейбір қолданушылары үшін ақылы болатынын жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Twitter-ді қарапайым азаматтар әрдайым тегін пайдаланады. Алайда, коммерциялық немесе үкіметтік пайдаланушылар аз мөлшерде төлем жасауы мүмкін», - деп мәлімдеді ол.

Илон Маск аталған желінің бүкіл әлемде сөз бостандығына қызмет ететініне де сенім білдірген.

Айта кетейік, жақында Илон Масктың Twitter-ді қомақты қаражатқа сатып алғаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар