Twitter-дің ақша қоры 412 жылға жетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Компанияның есепшоттарында жиналған қаражат төрт жүз жылдан астам уақытқа жетеді. Бұл туралы S&P Capital IQ өткізген бағалау мәліметтеріне сілтеме жасаған USA Today басылымы ақпараттандырып отыр.

Өткен жылдың үш тоқсанының ішінде Twitter 3,5 млрд. доллар қоры туралы есеп берді. S&P Capital IQ талдаушылары егер компанияның 2015 жылы сияқты жылына 8,5 миллион қаражат жұмсаса, бұл ақша оған 412 жылға жететінін есептеді.

Салыстырмалы түрде, өткен жылдың жартысында Apple корпорациясының қоры 203 миллиард долларды құраған. Atlantic сарапшыларының есептеуінше, егер бұл қаражатты қолма-қол етсе, олар 93 олимпиадалық бассейнді толтыруға жетеді.

Бұл ретте мақала авторлары Twitter-дің соңғы уақытта қиындық көріп отырғанын атап өтуде. Атап өткенде, төрт топ-менеджерінің отставкасынан кейін оның акциялары 3,6 пайызға төмендеген. Бұл ретте жалпы алғанда өткен жылы компания акцияларының бағасы 55 пайызға азайған.

Соңғы жаңалықтар