+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

TWESCO Түркияның Республика күніне арналған шара ұйымдастырды

2020 жылғы 29 қазан 23:32
Бөлісіңіз:
TWESCO Түркияның Республика күніне арналған шара ұйымдастырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық Түркі академиясының (ХТА) ұйымдастыруымен және Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының қолдауымен Түркияның Республика күніне орай «Байрағы биік байтақ ел» атты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екижи, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Ержан Мұқаш, Түркі кеңесі Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері Әділ Ахметов, дипломатиялық миссия өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ жетекшілері, сонымен қатар Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының тәлімгерлері қатысты.

Басқосу барысында ХТА әзірлеген Ататүрік туралы деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар, Түркия Елшісі Уфук Екижи сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Бұдан кейін Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының тәлімгерлері Мұхаммедияр Анкабаев пен Бақдаулет Ташманов келген қонақтарға арнайы түрік тілінде өлең оқыды. Оқушыларға шараға белсенді атсалысқаны үшін ХТА-ның арнай сертификаттары табысталды.

Сондай-ақ, Түркия республикасының негізін қалаушы Мұстафа Ататүрік туралы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Айта кету керек, осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын Анадо­лыда ұлт көшбасшысы Кемал Ататүрік бастаған шет ел интервенттерінің жаулауынан азат етуге бағытталған ұлт-азаттық кү­рес жеңіспен аяқталды. Осылайша, 1923 жылы 29 қазан күні Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Түркия Республикасын жариялады. Дәстүр бойынша мерекелік шаралар елдің бас қаласы Анкарадағы Ататүрік кесенесінде басталады. Бұл жердегі шараның алғашқы легі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтіп, Ұлт азаттық күрестің барлық қаһармандарын құрметпен еске алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT