TWESCO мажар ғалымының шамандарға қатысты зерттеуі бойынша фотокөрме өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымы Венгрияның Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп, мажар этнографы, профессор Михай Хоппалдың зерттеуі бойынша «Шамандар мен жора-рәсімдер» атты фотокөрме ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат TWESCO баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрменің ашылу салтанатына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, көрнекті түркітанушы ғалымдар, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері мен журналистер қатысты.

Алқалы шараны Академия басшысы Дархан Қыдырәлі құттықтау сөзімен ашты. Ол көрмеге арқау болған танымал мажар ғалымы Михай Хоппалдың шығармашылығы, әсіресе көшпенді халықтар мен шамандық ілімді зерделеген зерттеу жұмыстары жөнінде әңгімеледі. Сонымен бірге Венгрия мен Түркі академиясы арасында орнаған берік ынтымақтастық пен ғылыми жобалар туралы хабардар етті.
null 

Бұдан кейін сөз алған Түркі кеңесі ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов пен Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Невзат Уянык мажар-түркі рухани байланыстары жөнінде пайымды пікірлерін білдірді.
null 

Бұған дейін хабарлағандай, 2017 жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-ші сессиясы шеңберінде өткен Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінде Венгрияның Түркі академиясына бақылаушы мәртебесін алу туралы өтінімі бірауыздан мақұлданған болатын. Д.Қыдырәлі осыған орай Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Андраш Барани мырзаға ілтипатын білдірді. Сонымен бірге, салтанатты шара аясында А.Бараниге «Тамырлас xалықтар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі және ғылым-білім саласындағы байланыстарды тереңдетудегі жемісті қызметі үшін» құрмет грамотасын тапсырды.
null 

Өз кезегінде Елші Түркі академиясы ұжымына көшпенді халықтар мәдениетін зерттеп, насихаттаудағы қызметі үшін ризашылық білдірді. 

Соңғы жаңалықтар