TWESCO Манас эпосын латын әліпбиімен басып шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) Манас эпосының кітабын латын әліпбиімен басып шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

TWESCO-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кітап белгілі манасшы Медер Мергенбаевтың қалдырған қолжазбасы негізінде жинақталып, басып шығарылды.

«Көне қолжазба араб графикасымен жазылған еді. Аталған қолжазбада эпостың басқа нұсқаларында жоқ оқиғалар мен тілдік оралымдар бар. Бұған дейін ол тек қолжазба күйінде сақталған және ешбір жерде жарияланбаған. Осы уақытқа дейін бұл жұртшылыққа таныс емес болып келген қолжазбаны 1993 жылы қыркүйек айында Бішкек Гуманитарлық университетінің сол кездегі ректоры, белгілі түрколог-ғалым Қадыралы Қоңқабаев сатып алып, 2018 жылы шілдеде Түркі академиясына табыстады.
Содан кейін Қырғыз Республикасының Президенті Сооранбай Жээнбековтың қолдауымен және алғысөзімен баспаға әзірленді. Ғалымдарға текстологиялық жеңілдік жасау мақсатымен кітапта қолжазбаның түпнұсқасы факсимилемен бет саны көрсетіліп беріліп отырды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Халықаралық Түркі академиясы эпостың осы вариантын алғаш рет ғылыми басылым ретінде және латын графикасы негізінде басып шығарды. Бір томдық кітаптың көлемі - 650 бет. Бұл шығарма латын әліпбиімен қырғыз тілінде шығып тұрған алғашқы кітап.
null

Медер Мергенбаев 1896 жылы дүниеге келген және Қырғызстандағы атақты манасшылардың бірі болып саналады. Ол 1921 - 1928 жылдар аралығында елдегі Сагымбай Орозбаков, Саякбай Каралаев, Тоголок Молдо сынды эпосшылардан жырдың түрлі нұсқаларын жазып алған.
null

Атап өтілгендей, Манастануда үлкен жаңалық болған кітаптың тұсаукесері таяуда Бішкекте өтеді.

Соңғы жаңалықтар