+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

TWESCO Абай мұрасына арналған халықаралық онлайн-конференция өткізеді

2020 жылғы 20 мамыр 19:45
Бөлісіңіз:
TWESCO Абай мұрасына арналған халықаралық онлайн-конференция өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) ұлы ойшыл Абайдың 175 жылдық мерейтойын халықаралық деңгейде атап өту мақсатында онлайн конференция өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Өлкетанушы Абайға қатысы бар Семейдегі үйді көрсетті Қызылордада «Абай» операсы тұңғыш рет сахналанды Алатау театрының әншілері Абайдың 175 жылдығына әдебиет күнін арнады

Конференция Халықаралық Түркі академиясының құрылғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылады. Тақырыбы - «Абай және ХХІ ғасыр: дәуірлер сабақтастығы».

Онлайн-видео форматындағы конференцияға TWESCO президенті Дархан Қыдырәлі, Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Сұлтан Раев, Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблея кеңесінің (ТЮРКПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов, Түркі мәдениеті және мирасы қорының президенті Гүнай Эфендиева, Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТЮРКСОЙ) Бас хатшысының орынбасары Биләл Чақыжы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманкулов, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Батырхан Құрмансейіт және Әзербайжан, Башқұртстан (РФ), Қазақстан, Қырғызстан, Мажарстан, Моңғолия, Өзбекстан және Түркия елдерінің танымал түрколог ғалымдары қатысады деп жоспарлануда.

Шара барысында Халықаралық Түркі академиясы басып шығарған хәкім Абайдың түрік, әзербайжан, қырғыз, өзбек тілдеріне аударылған шығармаларының тұсауы кесіледі. Атап айтқанда, әзербайжан және өзбек тілдерінде Абайдың «Қара сөздері», қырғыз тілінде «Абай өлеңдерінің академиялық жинағы», түрік тілінде «Абай жолы» эпопеясы (2 том), Абай туралы мақалалар және Абай «Қара сөздері» мен өлеңдерінің (4 кітап) таныстырылымы өтеді.

Өтетін күні және орны: 21 мамыр, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 мекенжайы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT