Твумаси алғаш рет Испания клубы туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астананың» бұрынғы ойыншысы Патрик Твумаси Испанияның «Алавес» клубына ауысқан соң алғаш рет сұхбат берді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Жанкүйерлер мені өте жылы қабылдады. Осы жерге келгеніме өте қуаныштымын, командаға көмектесу, жанкүйерлер сенімін ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Бапкер мені жігерлендіріп отыр «Алавес» айтулы ұжым, осы мүмкіндікті пайдалану үшін көп жұмыс істедім», - дейді футболшы.

Патрик Твумаси «Астанадан» «Алавеске» 3 миллион еуроға ауысты. Бұл Қазақстан клубтары тарихындағы ең қымбат трансфер болды. 24 жастағы футболшының келісімшарты төрт жылға есептелген. Патрик «Алавесте» 24-ші нөмірмен ойнайды.

Соңғы жаңалықтар