«Твиттер» пайдаланушылары АҚШ президентін сотқа берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сөз бостандығын қорғаумен айналысатын Knight First Amendment институтының өкілдері АҚШ Президенті Дональд Трампты «Твиттер» пайдаланушыларын бұғаттағаны үшін сотқа берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-би-си -ге сілтеме жасап.

Шағым әлеуметтік желінің жеті пайдаланушысынан түскен. Хабарланғандай, Трамп оларды өз атына айтылған сын пікірлер үшін бұғаттап тастаған. Солайша, АҚШ конституциясының бірінші бөлігін бұзып отыр.

Бұғатталған пайдаланушылар Америка басшысының Твиттердегі жазбаларын оқып, пікір жаза алмайды.  

Институт өкілдері соттан олардың бұғатталуын конституцияға қарсы деп тануды, ал Трампты өз аккаунтына қолжетімділікті қайта қалпына келтіруге,  адвокаттардың ақысын төлеуге міндеттеуді талап етуде.

Дональд Трамп «Твиттердің» белсенді пайдаланушысы. Ол аккаунтын 2009 жылы ашып, кем дегенде 35 мыңнан астам жазба қалдырды. Қазіргі уақытта оның аккаунтына тіркелгендер саны 33 миллионнан асып жығылды. 

Соңғы жаңалықтар