Түзету мекемесінде терроризмді насихаттаған күдікті сотталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде терроризмді насихаттау фактісі бойынша «У» есімді азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

2023 жылғы 5 қаңтарда Орал қаласының № 2 соты оны ҚР ҚК 256-бабының 1-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 4,5 жылға бас бостандығынан айырды.

«У» 2020 жылдан бері түзету мекемесінде жазасын өтеу кезінде қамаудағылар арасында радикалды идеологияны таратып келген.

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденіп, сот шешімі заңды күшіне енді.


Соңғы жаңалықтар