USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Түймебаев туберкулездің жаппай таралуына жол берген басқарма басшысына қатаң сөгіс жариялады

2017 жылғы 27 ақпан 20:49
Бөлісіңіз:
Түймебаев туберкулездің жаппай таралуына жол берген басқарма басшысына қатаң сөгіс жариялады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістанда туберкулезді жаппай жұқтыру оқиғасына қатысты басқарма басшысына қатаң сөгіс жариялауды тапсырды.

Бұл туралы аймақ басшысы аудан, қала әкімдерімен және облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен өткен селекторлық мәжілісте мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Жиында облыс басшысы Түркістандағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы оқиғаға байланысты тиісті сала басшыларының атқарып жатқан жұмыстарын да тыңдады.

«Бұл жағдай әлеуметтік мекемеде орын алды. Сондықтан Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваға қатаң сөгіс жариялансын. Тексеру нәтижесінің қорытындысына орай тағы да шара қолданатын боламыз», -деді Жансейіт Түймебаев.

Жұқпалы аурудан үш науқастың көз жұмуы өте қайғылы оқиға екендігіне тоқталған өңір басшысы, кемшіліктерге жол берген қызметкерлерге қатысты тексеру тағайындалғанын жеткізді. Құқық қорғау органдары да оқиғаға орай тергеп-тексеру жұмыстарын бастаған. Әзірге бұл жағдайға байланысты аталған мекеме басшылығы жұмыстан босатылды.

Еске салайық, Түркістандағы психоневрологиялық диспансерден өкпе құрт ауырына шалдыққандар саны 65 адамға жетті. Науқастардың 24-і дерттің ашық түрімен ауыратыны анықталған еді. Үш науқас сырқатынан айықпай, қайтыс болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT