Түймебаев шаруаларға мемлекеттік субсидиялар жөнінде айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 59 гектар жаңғақ пен 7 гектар бадамша егілді.  Сондай-ақ тамшылатып суару әдісі 7,5 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 58,5 мың гектарға жетіп отыр.  Бұдан бөлек, жылыжайлар көлемі 1294 гектарға артып, республикадағы үлесі 80 пайызды құрады. Бүгін бұл туралы «AGRITek Shymkent-2017» халықаралық көрмесі аясында өткен семинар-кеңесте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

Жиынға шетелдік және отандық компания өкілдері, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері,  қаржы ұйымдарының мамандары, кәсіпкерлер мен шаруарлар, барлығы 500-ге жуық  адам қатысты.

Шараның негізгі мақсаты -  мемлекеттер арасында агросалада тәжірибе алмасу және жаңа технологияларды, бірлескен бизнес-жобаларды құру бойынша іскерлік қарым-қатынасты нығайту.

null 

Семинар кеңесте сөз алған облыс әкімі  Ж.Түймебаев халықаралық көрменің  жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері мен алдағы жоспарлар жайында баяндады.

 «Ауыл шаруашылығы саласына заманауи технологияларды енгізбей жетістікке жету өте қиын. Осы орайда мемлекет тарапынан жаңадан алынатын ауыл шаруашылығы техиникалары мен жабдықтарға 25 пайыздан 50 пайызға  дейін инвестициялық субсидялар беріле бастады. Бұдан бөлек, өнімді жоғарылатуға мүмкіндік беретін жоғары сұрыпты тұқым мен тыңайтқыштарға арнайы субсидиялар қаралып отыр.  Оған қоса, көктемгі дала жұмыстарына - 2 пайыз, ал өзге бағыттарға 6-8 пайыз жеңілдетілген несиелер берілуде. Бұл ауыл шаруашылығы саласының өнімділігін арттыруға, яғни шаруаның мол және сапалы өнім алуына бағытталған мемлекеттік қолдау болып табылады»,  - деді Жансейіт Қансейітұлы.

null 

Жиын барысында агротехниканың озық үлгілерін құрастыратын компаниялармен  байланыс орнатып, ауыл шаруашылығына қажетті құрал-жабдықтарды өзімізде өндірудің мүмкіндіктері мен жолдары талқыланды. Шаруалар мен кәсіпкерлердің  сауалдары мен ұсыныстары  тыңдалып, семинар пікір-алмасу алаңына айналды. Әрбір пікірді мұқият тыңдаған облыс әкімі ауыл шаурашылығы саласының мамандары мен аудан-қала әкімдеріне көрмеде ұсынылған ауыл шаруашылығы техникаларының шаруаларға қолжетімді болуын және агросалаға жаңа технологиялардың көптеп енгізілуін тапсырды.    

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен дәстүрлі «Agritek Shymkent - 2017» көрмесіне бес мемлекеттің 50-ден астам компаниясы ауыл шаруашылығы саласына қажетті озық технологиялар мен құрал-жабдықтарды ұсынды. Үш күнге жалғасқан көрмені 1500-ге жуық адам тамашалады.

null null null 

Айта кетейік,  биыл облыста  ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 818 мың гектарға жетіп,  өткен жылмен салыстырғанда 29 мың гектарға артты.  Нәтижесінде биылғы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 376,5 млрд теңгеге жетіп отыр.

 

Соңғы жаңалықтар