Түймебаев ОҚО халқының сұрақтарына тікелей эфирде жауап берді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық «Ońtústik»  телеарнасында өткен «Әкім сағаты» хабарына қатысты. Облыс басшысы екі сағатқа жуық уақытта тұрғындардың көкейкесті сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Тікелей эфир барысында барлығы 1500-ге жуық сауал келіп түсті. Тұрғындардан сұрақтарды қабылдау үшін байланыстың барлық түрі қамтылды. Сұрақтар Call-орталық, WhatsApp, электронды пошта, сондай-ақ тікелей трансляция жүргізген Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасы арқылы қабылданды.

Облыс тұрғындары негізінен  жер, баспана алу, жұмыссыздық, шаһарды абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен жолдарды жөндеуге қатысты мәселелерді көтерді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына қатысты сауалдар да көптеп жолданды.  Сұрақтардың 423-і - WhatsApp, 215 - өзге әлеуметтік желілерден, 1287 - Call-орталыққа жолданды.

Айта кету керек, «Ońtústik» телеарнасының эфирі кезінде бірден жауап ала алмаған көрермендердің сұрақтары толық тіркелді. Оларға мемлекеттік органдар міндетті түрде жауап беретін болады. Сондай-ақ, осы жоба аясында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың берген тапсырмаларының орындалуы әкімдіктегі инспекторлардың назарында болады.
null

Өңір басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасының» өңірдегі орындалу барысы мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім және ғылым, мәдениет, өнер тағы да басқа салаларда кездесетін өзекті де, өткір мәселелерді шешу жолдарын айтты. Сондай-ақ бағдарлама соңында Оңтүстік жұртын 15 маусым күні басталатын Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар