Түйені соққан көліктегі әйел 10 күн жансақтау бөлімінде жатты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық ауруханасына жол-көлік апаты салдарынан көптеген дене жарақаттарымен жеткізілген әйелдің жағдайы қазір тұрақты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Лада»-ға сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккен әйел бас сүйек-ми зақымын алған, миы ауыр зақымдалған, 1-ші дәрежелі комаға түскен, бет сүйегі бірнеше жерден сынған, кеуде тұсының жарақатын алған, сондай-ақ өкпесіне зақым келген.

Қазіргі кезде науқастың жағдайы тұрақты. 4 желтоқсанда ол нейрохирургия  бөлімінің жалпы палатасына ауыстырылды.

Еске сала кетейік, жол апаты қарашаның 21-нен 22-не қараған түні Ақтау-Жетібай күре жолында болды.  Toyota Hiace көлігі түйемен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан 1999 жылы дүниеге келген ер азамат қаза тауып, зардап шеккен тағы екі адам Жетібай аудандық ауруханасына жеткізілген. Ер адам көрсетілген медициналық көмектен кейін үйіне жіберілсе, Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген әйел комаға түскен. 

Соңғы жаңалықтар