Түйе иесінің қолын шынтағына дейін жұлып алған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу маңындағы Щёлковский ауданындағы фермада түйе өз иесіне шабуыл жасап, қолын шынтағына дейін тістеп, жұлып алған. 

Mash телеграм-арнасы хабарлағандай, 42 жастағы З. Степан қазір жергілікті аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер әзірге оның қолын қайта тіге алмады.

Бұдан бөлек, қазір мамандар түйе фермасында өмір сүріп жатқан жануарды не істеу керектігін анықтауда. 

Соңғы жаңалықтар