Тұтынушылық несие нарығы қалай өзгереді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Қазақстандағы тұтынушылық несие нарығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылы екінші деңгейдегі банктердің тұтынушылық несие портфелінің өсуі шамамен 27% құрады. Бұл сегмент корпоративтік сектормен салыстырғанда несие беруде көшбасшы болып қала береді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңнамалық деңгейде бірқатар реттеу шаралары қабылданды. Сонымен қатар, несие беруге, несиеге қатысты қызмет көрсетуге және жеке тұлғалардың 90 күннен астам мерзімі өткен барлық кепілсіз қарыздарына байланысты айыппұл, комиссия және өзге де төлемдер есептеуге тыйым салынады. Сондай–ақ, күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға несие берілмейді «, – деді Ерболат Досаев Алматыда өткен брифингте.

Ұлттық Банк басшысының айтуынша, 2020 жылдан бастап қабылданған шаралар несие нарығын тиімді реттеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде тұтынушылық сұраныс пен инфляцияға шамадан тыс қысымды төмендетеді.


Соңғы жаңалықтар