Тұтынушылардың құқығын қорғау үшін заңнамалық түзетулердің 2-ші топтамасы әзірленуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды одан әрі жетілдіру аясында заңнамалық түзетулердің 2-ші топтамасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сәйкестікті бағалау және аккредиттеу жүйесіндегі орын алып отырған қатысушылардың сенімсіздігі және оның халықаралық талаптармен үйлеспеуі біраз проблеманы туындатып отыр. Осыған байланысты министрлікпен «Сәйкестікті бағалау туралы» жаңа заң жобасы бизнес пен қоғамда ашық талқылануда», - деді министр Сенатта өткен Үкімет сағатында.

Оның атап өтуінше, бұл жұмыстың қорытындысында сәйкестікті бағалау рәсімдерінің дұрыстығын жетілдіруге және адал бәсекелестікке бағытталатын шешім қабылданатын болады. Сондай-ақ еліміздің аумағында қауіпсіз өнімді өндіру және айналысқа жіберу үшін барлық жағдай жасау жоспарланған.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды одан әрі жетілдіру аясында заңнамалық түзетулердің 2-ші топтамасы әзірленуде. Ол ұлттық тұтынушылар қауымдастығын құру, Омбудсмен институтын енгізу және электрондық саудада тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту бастамаларын көздейді», - деді Бақыт Сұлтанов.


Соңғы жаңалықтар