Тұтынушылардың құқығын бұзған серіктестікке 77 млн теңге айыппұл салынды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «APL Construction» ЖШС-на қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

»Серіктестік өзінің үстем жағдайын инвестицияларды пропорционалды емес өтеу арқылы, газбен жабдықтаудың пәтер ішіндегі желілеріне қосылуға мәжбүр болған тұтынушылардың қаражаты есебін теріс пайдаланған, бұл тұтынушылардың белгісіз тобының заңды құқықтарына нұқсан келтіруге әкелді», - деп жазды ведомстводан.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 10 қаңтардағы қаулысымен серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ЖШС 77 343 750 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлейді.

Бүгінгі күні сот қаулысы толық көлемде орындалды.


Соңғы жаңалықтар