USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Тұтынушылардың бірлестіктеріне өндірілген сомадан сыйақы беру ұсынылды

2021 жылғы 23 қараша 12:08
Бөлісіңіз:
Тұтынушылардың бірлестіктеріне өндірілген сомадан сыйақы беру ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы заңнамаға тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне өндірілген сомадан сыйақы беру ұсынысы енгізілді. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Халықтың билік институттарына сенімін нығайту үшін не істеу керек – сарапшы пікірі Алматыда тергеу изоляторына түскен 77 адамның 53-і сол күні босатылған Қаралы қаңтар: Әкімшілік құқықбұзушылық үшін қамауға алуды қолданбау ұсынылды

«Үшіншіден, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің базалық қағидаттарын салалық заңдарға және заңға тәуелді нормавтитік-құқықтық актілерге тарату ұсынылады.

Төртіншіден, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің тұтынушыға өтелетін сомадан сыйақы есептеу туралы нормасын институциялау жөніндегі тілектері назарға алынды», -деді министр.

Сондай-ақ, заңнамалық өзгерістер аясында электронды сауда сегментін құқықтық реттеуді жетілдіруды ұсынды.

«Әрбір қазақстандыққа күн сайын кездесетін өзекті мәселелерді шешуге бағытталған әлеуметтік маңызды және қажетті заң жобасы әзірленуде.

Қазіргі уақытта тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобалары, түжырымдама жобалары және ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет порталда жарияланып, мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді. Сондықтан, тұтынушыларды және кәсіпкерлік қауымдастықтарды мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жұмысқа белсенді қатысуға шақырамын», - деді Бақыт Сұлтанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT