+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Тұтынушылардың 11 пайызы ғана құқығын қорғау үшін меморгандарға жүгінеді - вице-министр

2020 жылғы 6 ақпан 11:41
Бөлісіңіз:
Тұтынушылардың 11 пайызы ғана құқығын қорғау үшін меморгандарға жүгінеді - вице-министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сауда министрі тұтынушылардың құқығын қорғаудың жаңа тәртібін түсіндірді Сауда министрлігі тұтынушы құқығын бұзған кәсіпкерге жазаны күшейтуді ұсынды Қазақстанда тұтынушылардың шағымын қабылдайтын ақпараттық жүйе құрылуы мүмкін

«Тұтынушылардың құқығын қорғаудың ұлттық моделін қалыптастыру кезінде біршама мәселеге назар аударылып отыр. Атап айтқанда, өзін-өзі реттеу институтын дамыту есебінен бизнестің өзін-өзі тазартуы, өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерінде халықтың хабардар болуы, қоғамдық бақылауды күшейту арқылы бизнеске әкімшілік қысымды төмендету, тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі тәртіпте тиімді қараудың құқықтық негіздерін құруға басымдық беріледі. Біздің ойымызша осындай модель ғана процеске қатысушылардың бәріне пайдалы болмақ. Бүгінгі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесі барлық мемлекеттік орган мен 208 үкіметтік емес ұйымның жұмысын қамтиды. Алайда өзара іс-қимылдың нақты реттелмеуі – халқымыздың құқықтарын қорғаудың сапалы деңгейін қамтамасыз етпейді», - дейді Қайрат Төребаев.

Вице-министрдің сөзіне сенсек, халықтың тұтынушылар құқығын қорғау жүйесіне қанағаттанып отырған жоқ. Әлеуметтік зерттеуге қатысқандардың 87 пайызы тұтынушы ретінде құқығының бұзылғанын растаған.

«Өз құқығы мен заңды мүддесін қорғауға азаматтардың 64 пайызы ниетті емес екенін атап өтті. Бұған бизнестің жазасыздығы мен кімдікі дұрыс, кімдікі теріс екенін дәлелдеудің ұзақтығы себеп болып отыр. Өз құқықтарын қорғау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға тұтынушылардың 11 пайызы ғана жүгінеді. Құқықты сот тәртібімен қорғауға келер болсақ, сауалнамаға қатысқандардың 48 пайызы сот төрелігіне сенбейді. Бұл ретте респонденттердің 16 пайызы тауардың құны жоғары болған жағдайда ғана сотта өз құқықтарын қорғауға дайын», - дейді ол.

Осыған байланысты вице-министр тұтынушылардың құқығын қорғаудағы негізгі проблемалар атады.

«Қолданыстағы жүйе көбіне әкімшілік шараларға бағытталған. Ал бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге немқұрайлы қарайды. Екіншіден, сотқа дейінгі реттеу институты жалпы қорғаныс жүйесіне аз интеграцияланға. Үшіншіден, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өз рөлі мен міндеттерін әртүрлі ұғынады. Сонымен қатар, тұтынушылық сауаттылықтың төменділігі, олардың құқықтарын қорғаудың қарапайым және нақты алгоритмінің болмауы, тұтынушылардың қарапайым құқықтарын бұзғаны үшін кәсіпкерлердің жазаланбауы өзекті проблема болып отыр», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT