+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Тұтынушылар құқығын қорғайтын қоғамдық ұйымдар бір қауымдастыққа бірігеді – министр

2020 жылғы 24 қараша 22:08
Бөлісіңіз:
Тұтынушылар құқығын қорғайтын қоғамдық ұйымдар бір қауымдастыққа бірігеді – министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда тұтынушылар құқығын қорғайтын қоғамдық ұйымдар бір қауымдастыққа бірігеді. Бұл туралы ІХ Азаматтық форумда ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент өткен жылғы халыққа Жолдауында азаматтық қоғамды қолдау мен нығайту қажеттігін атап өтті. Дәл осы идея және жазда енгізілген түзетулеріміз тұтынушылар құқығын қорғау жүйесін айтарлықтай өзгертті. Оның ішінде тұтынушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, қоғамдық бақылауды енгізу, қоғамдық бірлестіктерге тұтынушылық дауларды сотқа дейін реттеу субъектілері ретінде құқықтар беру маңызды», - деді министр ІХ Азаматтық форумда үкіметтік емес ұйымдармен кездесу барысында.

Оның айтуынша, қоғамдық ұйымдарды бір қауымдастыққа біріктіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Бұл шешім бірлестіктер институтын «Саннан сапаға» қағидаты бойынша қайта форматтауға, олардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесіне ықпалын күшейту үшін бірлестіктердің мәртебесін көтеруге, барлық үкіметтік емес ұйымдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, олардың қызметіндегі тар бейінді бағыттарды дамытуға, мемлекеттің тұтынушылық дауларды шешуге қатысуын барынша азайтуға көмектеседі.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен бірлестіктің «рупоры» рөлін атқарады және ұйымның өкілдік функцияларын өзіне алады. Ол қауымдастық атынан Парламент пен Үкіметке жүгіне алады. Қауымдастық пен омбудсмен өкілеттіктері мен дербестігі жаңа институттардың тәуелсіздігіне кепіл болады. Бұл ретте тұтынушылық шағымдарды қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істейді және ақпараттың негізгі көзі болады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктерді платформаға қосылуға шақырамын», - деді Б. Сұлтанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT