Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті Бек Эйр ісінің Алматы сотына берілуіне қарсы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Бек Эйр ісінің Алматы сотына берілуіне қарсы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылғы 31 қаңтарында тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Бек Эйр әуе компаниясына Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына сот талап арызын берген болатын.

«2020 жылғы 20 ақпанда талап арыздың алдын ала қаралуы өтті. Оның қорытындысы бойынша сот істі Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотына беруді ұйғарды. Комитет осы шешіммен келіспейді. 2020 жылғы 21 ақпанда Нұр-Сұлтан қалалық МАЭС сотының ұйғарымына жеке шағым берілді. Комитет арызын Нұр-Сұлтан қалалық сотының қолданыстағы заңнама негізінде қарауын талап етеді», - делінген министрлік ақпаратында.


Соңғы жаңалықтар