+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Тұтынушылар құқығын қорғау: 70 млн теңге қайтарылды

2021 жылғы 22 маусым 15:12
Бөлісіңіз:
Тұтынушылар құқығын қорғау: 70 млн теңге қайтарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«2020 жылы қазақстандықтардың 20 мыңнан астам шағымы қаралды. 250 млн теңгеге жуық қайтарылды. Мәселен, «Бек Эйр» әуе компаниясына талап-арыз бойынша 110 млн теңгеден астам сомаға 1,7 мың тұтынушының құқығы қорғалды», - деді Б. Сұлтанов онлайн редимде халық алдында есеп беруі кезінде.

Оның айтуынша, 2021 жылдың басынан 6 мыңнан астам шағым қаралып, тұтынушыларға 70 млн теңге қайтарылды.

«Шағымдардың көбісі көлік, бөлшек сауда, тұрмыстық әрі туристік саладағы қызмет сапасына қатысты келіп түседі», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бақыт Сұлтанов Сауда және интеграция министрілігінің басты мақсатын атады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT