Тұтынушылар құқығы: Жарты жылда 8 мыңнан астам шағым түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұтынушылар құқықтарының бұзылуына қатысты биылғы жарты жылда 8 мыңнан астам шағым келіп түсті. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Алмас Абжаппаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А. Абжаппаров тұтынушылар құқықтарының жиі бұзылуына байланысты өтініштер статистикасы жыл сайын өсіп келе жатқанын атап өтті. Егер 2020 жылдың 6 айында Комитетке 5,5 мыңнан астам азамат жүгінсе, 2021 жылдың ұқсас кезеңінде 8 мыңнан астам шағым түскен. Бұл ретте өтініштердің өсу қарқыны 144% - ды құрады.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай «е-tutynushy» ақпараттық жүйесі енгізілді, ол азаматтардың өтініштерін автоматты түрде қабылдауға, қарауға және жүйелеуге арналған. Сатып алғаннан кейін азаматтар оған кері байланыс немесе тауарға әрі компанияға шағым қалдыра алады. Өтініш міндетті түрде қаралатын болады.

«Бұл жүйе жұмысының проблемасына тоқталсақ, бизнес субъетілерін тіркеудің еріктілігіне байланысты, олардың тіркелуге асықпауы болып отыр», - деді А. Абжаппаров.

Ведомство өкілі тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы проблемалар жаңа заңнамалық өзгерістер енгізуді талап ететінін атап өтті. Осыған байланысты 2021 жылы Комитет Заңға түзетулердің 2-пакетін әзірлеуге кірісті. Комитет әзірлеген жоба тұжырымдамасы 2021 жылғы 25 маусымда тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің бірінші отырысында талқыланды, ал 30 маусымда тұжырымдама Ашық НҚА порталында талқылау үшін орналастырылды.


Соңғы жаңалықтар