Тұтынушы несиелерін көптеп берген банктер лицензиядан айырылады - Қ.Келімбетов

None
None
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Келесі жылдан бастап әрбір банктегі тұтынушы несиелерін беру көлемі 30 пайыздан аспауы тиіс. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов осылай айтты.

Оның айтуынша, бүгінде Ұлттық банкті тұтынушы несиелердің өсу қарқыны алаңдатады. Себебі соңғы он бір екі жылдың ішінде банктердің ондай несиелерді беру көлемі 100 пайызға өсті. «Бұндай өсім бізді алаңдатады. Сондықтан жалпы бүгінгі қаржы жағдайын зерделей келе, біз нақты бір шешімге келдік. Келесі жылы ақпанның 1-нен бастап әрбір банктегі тұтынушы несиелерін беру көлемі 30 пайыздан аспауы тиіс. Егер оған жол берілсе, Ұлттық банк тиісті шараларды қолға алатын болады», - деп атап көрсетті Қ.Келімбетов. Оның сөзіне қарағанда, ондай банктер депозиттерді алу немесе мекеме басшысын тағайындауға келісім беру сияқты лицензиялардан айырылуы әбден мүмкін.

Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, қазіргі Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің тұтынушы несие портфелінің жалпы көлемі 16 пайыздан аспайды.

Соңғы жаңалықтар