Тұтыну несиесін жабу үшін зейнетақының бір бөлігін алуға рұқсат берілмейді – Ибрагимова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова тұтынушы несиесін жабу үшін зейнетақының бір бөлігін жұмсауға рұқсат берілмейтінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында тілшілер «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасына осы сұрақты қойған еді.

«Егер сіздің банкпен келісімшартыңызда қаражат «қауырт қажеттілікке байланысты беріліп отыр» деп жазылып тұрса да, біздің ережелерде мұндай қарыздарды жабу тәртібі қарастырылмаған. Тіпті үйдің өзі кепілдікте тұрса да зейнетақының бір бөлігін бұл мақсатта алуға рұқсат берілмейді. Яғни бастапқы келісімшарттың өзінде «баспананы немесе жер үйді сатып алу үшін» деген сөз болуы керек», - деді Ләззат Ибрагимова.

Оның айтуынша зейнатақының бір бөлігін алу мүмкіндігіне ие болу үшін азаматтарға 45 күн беріледі.

«Алайда мәселен бір адам үйін сатамын дегенімен ойланып қалып, бұл сатып алушының уақытын алуы мүмкін. Әлбетте адами факторлар кездеседі. Осындай жағдайда мынадай жеңілдік қарастырылған: 45 күннен кейін бұл өтінім күшін жояды. Қаражатты азаматтың БЖЗҚ-дағы шотына қайтарамыз. Осыдан кейін әлгі азамат қайтадан өтінім бере алады», - деді ол.

Ләззат Ибрагимова сонымен қатар кейбір азаматтар қаражатының бір бөлігін ипотекаға жабуға, екінші бөлігін бауырының шотына аударуға жұмсауына да болатынын атап өтті.

«Мұндайда БЖЗҚ-мен жасалған келісімнің шарттарына сәйкес, бизнес процес бойынша бастабында бір операцияны жүргіземіз. Оны аяқтағаннан кейін қалған соманы бауырыңызға бергіңіз келетіні жөнінде өтінім бересіз. Бұл операциялар тек бірінен кейін бірі жүргізіледі», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар