+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Тұтыну нарығындағы бағалардың өсуі байқалады – Әлихан Смайылов

2021 жылғы 12 мамыр 10:06
Бөлісіңіз:
Тұтыну нарығындағы бағалардың өсуі байқалады – Әлихан Смайылов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің 8 өңірінде инфляция деңгейі орташа республикалық деңгейден жоғары. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік бюджет кірістері бойынша есеп берді Бюджетке қатысу: Алматыда құны 1,2 млрд теңге болатын 49 жоба жүзеге асырылды Сенаторлар 2020 жылдың бюджеті бойынша Үкіметтің есебін талқылайды

«4 айдың қорытындысы бойынша экономикамыз жақсы нәтижелер көрсетті. Бұл өңдеу секторында, құрылыста, ауыл шаруашылығында, байланыста өнімді шығарудың өсуімен байланысты. Сондай-ақ барлық өңірде бөлшек сауда көлемі өсті. Жандану көлік саласында да байқалды. Алайда, біз тұтыну нарығындағы бағалардың өсуін байқап отырмыз. Жылдық мәнде инфляция деңгейі 8 өңірде орташа республикалық деңгейден жоғары. Осыған байланысты әкімдіктер мен мемлекеттік органдардың экономикалық белсенділікті одан ары қалпына келтіру іс-шараларымен қатар басты міндетінің бірі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру бойынша жол картасын тиімді іске асыру болып саналады», - деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар ол нақтыланған бюджет жобасында салық түсімдері 278 млрд теңгеге ұлғайтылғанын, осыған байланысты мемлекеттік кірістер органдары кәсіпкерлер үшін қиындық туғызбай салық-кедендік әкімшілендіруді күшейту қажеттігін баса айтты.

«Нақтыланған бюджеттің шығыстары 1,2 трлн теңгеге ұлғайтылды. Осыған байланысты орталық және жергілікті атқарушы органдар бюджеттің әрбір деңгейінде тиісті бюджеттік рәсімдерді жедел жүргізуі қажет. Бұл - жерде бастысы орталық және жергілікті органдардың өзара іс-қимылы. Бұл - қаржыландыру және мемлекеттік сатып алу жоспарларына өзгерістер енгізу, сонымен қатар келісімшарттарды уақытылы жасасу», - деді бірінші вице-премьер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT