tutkyn.kz сайтында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі 30 мыңнан астам қазақстандық тұтқынның тізімі жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - tutkyn.kz сайтында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі 30 мыңнан астам қазақстандық тұтқынның тізімі жарияланды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мұрағатының директоры Борис Жапаров айтты.

"2015 жылдың басынан біз "Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақстандық әскери тұтқындар" жобасын қолға алған болатынбыз. Оған қоғам тарапынан да, журналистер тарапынан да үлкен қызығушылық туып отыр. Біз бұл жұмысты жалғастыра береміз. Жуырда ашылған tutkyn.kz атты порталымызда осы соғыс кезінде тұтқынға түскен 30 мыңдай қазақстандықтың тізімін жарияладық. Жалпы, тұтқындардың саны өте көп болған. Мәселен, соғысқа қатысқан қызыл әскердің жалпы саны 26 млн. шамасында. Олардың 5,7 миллионы тұтқынға түскен. Солардың 200 мыңдайы қазақстандық болатын", - деді Б.Жапаров.

Оның айтуынша, жуық арада сайттағы тізім 50 мың есімге дейін көбейтілмек.

Соңғы жаңалықтар