Түтінге тұншыққан әйелді құтқарған полиция қызметкерлері марапатталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда түтінге тұншыққан әйелді құтқарған Бостандық аудандық ІІБ қызметкерлерін қалалық ТЖД басшылығы марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция майоры Дархан Айымбетов, аға лейтенант Әбілқайыр Пернебеков Қазақфильм шағын ауданындағы үйлердің бірі өртеніп жатқанын көрген кезде бірден көмекке ұмтылған.

Полиция қызметкерлері түтіннен тұншыққан пәтер қожайынына бірден алғашқы көмек көрсеткен.
Соның кесірінен өздері де жеңіл дәрежеде уланып, ауруханаға түсті.

Қалалық ТЖД басшылығы ҚР Тәуелсіздік күніне орай полиция майоры Дархан Айымбетов, аға лейтенант Әбілқайыр Пернебеков арнайы медальмен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар